Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин кезінде сақталуы керек бес пайдалы ереже

Опубликовано:

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты қазақстандықтардың көңіл көтеруіне, демалуларына, жұмыс істеулеріне шектеу қойылып, ел тұрғындары уақытының көп бөлігін үйде өткізуге мәжбүр. Көпшілік қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіп, көптеген тапсырмалар мен операцияларды орындау үшін интернетті белсенді түрде пайдалануда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Карантин кезінде сақталуы керек бес пайдалы ереже
Фото: Depositphotos.com: Instagram

Үйде уақытты қалай ұтымды пайдаланып және жұмысты тиімді етуге болатын бірнеше нұсқаны ұсынбақпыз.

Жұмыс орныңызды ұйымдастырыңыз

Карантин кезінде сіз ұстануыңыз тиіс негізгі ой - үйдің босаңсытатын атмосферасына қарамастан, демалмай жұмыс істеу болуы керек. Ноутбукпен кез келген орында, диванда жатып немесе ас үй столында отырып жұмыс істеу мүмкін болса да, жұмыс орнын қарастырған дұрыс.

Әрине, екі-үш апта үшін бір кабинет жасап алудың мәні жоқ. Алайда сізді ешкім мазаламайтын, мәселен, бөлек бөлме қарастырып алу керек. Айналыңыз тыныш болып, қоңыраулар, соның ішінде видеобайланысқа мүмкіндік болғанын да ойластырыңыз. Әңгімелесу барысында есік пен терезені бекітіп, туыстарыңызға әріптестеріңіз не серіктестеріңізбен сөйлесетініңізді, тыныштық сақтауларын ескертіңіз.

Карантин кезінде сақталуы керек бес пайдалы ереже
Фото: Depositphotos.com: Facebook

Уақытты бақылаңыз

Жұмыс пен жеке өмірді ажырату үшін жұмыс істеу уақытын анықтап, режим құрастырыңыз. Күн режимін қатаң сақтаңыз. Кестеге немқұрайлылық танытып, түн жарымына дейін отырып немесе жұмысқа үй шаруаларыңызды бітірген соң ғана кіріспеңіз.

Карантин кезінде сақталуы керек бес пайдалы ереже
Фото: Depositphotos.com: Twitter

Бір күнге арналған жоспар құрыңыз

Ештеңені қалт жібермес үшін жоспар құрыңыз, бұл өзін-өзі ұйымдастыруға көмектеседі. Айта кетейік, жоспарды үшке бөліп жасаған дұрыс. Мәселен, тізімде бірінші - маңызды істер, екінші - аса маңызды емес, үшінші - ұсақ-түйектер болғаны жөн.

Карантин кезінде сақталуы керек бес пайдалы ереже
Фото: Depositphotos.com: Twitter

Интернет арқылы сатып алыңыз

Дүкендерге баруға уақыт жоғалтпай, өз-өзіңізді вирус жұқтыру қаупінен сақтау үшін тауарлар мен қызметтерге интернет арқылы тапсырыс беріңіз. Сондай-ақ төлемді онлайн жасаңыз. Өйткені қолма-қол ақша инфекция жұқтырып алуыңызға себеп болуы мүмкін. Қатерге бас тікпей, мобильді қосымша мен байланыссыз төлемді пайдаланыңыз.

Карантин кезінде сақталуы керек бес пайдалы ереже

Сандық банкте шот ашыңыз

Apple Pay, Samsung Pay немесе Garmin Pay көмегімен телефон немесе сағат арқылы қауіпсіз түрде төлеу мүмкіндігі бар банкті таңдаған дұрыс. Сондай-ақ мобильді қосымшаның функционалына назар аударыңыз. Онда күнделікті банктік операциялар қолжетімді болуы керек.

NUR.KZ "Альфа-Банк Қазақстанның" сервистерін қолдануға кеңес береді. Сіз кез-келген төлем қызметімен байланыссыз төлемді ғана қолдана алмайсыз, сонымен қатар бірнеше минут ішінде үйден шықпай-ақ 60% банктік операцияларды жасай аласыз. Жеке тұлғаларға арналған "Альфа-Банк Қазақстан" мобильді қосымшасында несие, коммуналдық төлем, байланыс, интернет, телефон нөмірі бойынша төлемдер және тағы басқаларын жасауға болады. Қосымша iOS және Android құрылғылары үшін қолжетімді. Альфа онлайн картасына тапсырыс беру арқылы оны пайдалануды бастауға болады. Жеткізуші оны үйіңізге тегін әкеліп береді.

Егер сіз үлкен немесе кішігірім кәсіптің иесі болсаңыз, онда ісіңізге зиян келтірмей-ақ карантинді өткізуге болады. Мұнда сізге iOS пен Android-ке және интернет-банкке арналған "Альфа-Бизнес Қазақстан" тегін мобильді қосымшасы көмекке келеді. Онда банк операцияларының 95% онлайн жасауға болады. Яғни, SMS-кодтың көмегімен тауарлар мен салықтарға, қызметтерге төлем жасауға, көшірімдерді PDF файлда мессенджерлер арқылы жіберуге және сақтауға, серіктестер мен клиенттерге реквизиттерді жіберуге, өз шотыңыз бен транзакцияларыңызды бақылауға және т.б. көптеген операцияларды жасауға болады.

Сервисті пайдалануды бастау оңай, тіпті бұл үшін үйден шығудың да қажеті жоқ. Егер сіз ЖШС немесе ЖК иесі болсаңыз, онда шотты 10 минутта онлайн ашуға болады. Содан соң мобильді қосымшаны жүктеп алып, банктің барлық қызметтерін онлайн қолдана аласыз. Ал сұрақ туындаған жағдайда банктің WhatsApp нөміріне +7 771 936 11 11 жазуға болады.

Көріп отырғаныңыздай, бәрі жеңіл әрі оңай. Ең бастысы, жағдайға дұрыс қарасаңыз, карантин сіздің бизнес жүргізуіңізге кедергі келтірмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846242-karantin-kezinde-saktaluy-kerek-bes-pajdaly-ereze/

pixel