RU

"Жіберіңіздер": Алматы блок бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгіннен бастап Алматы қаласының шекаралары жабылды. Оңтүстік астана кіреберісіндегі бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасты. Көлік жүргізушілерімен қатар, жаяу жүргіншілер де енді қала сыртына шыға алмайтынына сене алмауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Боралдайдағы бекетте қала мен облыс тұрғындары жиналды. Олар шекарадан өте алмай әлек болуда. Тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілерді, жедел жәрдем көліктерін, инкассаторлар мен кейбір қызметтерді де өткізбей тұр. Жеке көліктер тіптен, бұрылып кері қайтып жатыр.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Біз жұмысқа баруымыз керек. Боралдайда тұрғанымызбен, Алматыда жұмыс істейміз. Жұмыс орнымыздан анықтамамыз да бар. Бірақ, бәрібір кіргізбеді. Жұмысқа хабарласқанымызда, бізге "үйде" қалыңдар деді" , - деді екі азамат.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ал бір ару бекетшіге Боралдайға әпкесіне құжат алуға бара жатқанын айтып, сендіре алмай қойды.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Мен шетелде тұрамын. Мені әуежайдан шығармайды ғой. Жіберіңіздер мені. Маған жарты сағаттан соң қайтадан қалада болу керек. Құжаттарымды алып кетуім керек. Сіздерге құжаттарымды қалдырып кетейін" , - деп өтінді бойжеткен.
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алайда, полиция қызметкері оған сенер емес. Бекеттерде жолды жауып тұратын блоктар орнатылып, БТР, полиция көліктері мен санитарлық автолар тұр. Қызметкерлерге арналған биоәжетхана да бар.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жіберіңіздер": Алматы блок бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды (фото, видео)
Mailfire view pixel