RU

Айырбастау нүктелерінде доллар бағасы 475 теңгеге жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздегі айырбастау нүктелерінде доллар бағасы 475 теңгеге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Шетелдік валюта мегаполистердегі айырбастау нүктелерінде бірден қымбаттады. Оның құны 470 теңгеден асып кетті.

Мәселен, алматылық валюта айырбастау нүктелері долларды 440-460 теңгеден сатып алып жатыр. Шетелдік валютаны сату бағасы 471,5 теңгені құрап отыр. Бірақ доллар сатып жатқан нүктелер аз. Көп бөлігі "шетелдікті" сатып алуға ниетті.

Ал елордадағы жағдай одан да қиын. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаның бірлігін 450-455 теңгеге сатып алуға болады. 1 доллар 470-475 теңгеден сатылады. Астанада да "америкалықты"сатып жатқандар көп емес.

Шымкентте шетелдік валюта құнын елордалық бағамен салыстыруға болады. Үшінші маңызды қалада да долларды 450-455 теңгеге сатып алып жатыр. Мегаполисте "америкалықты" бір айырбастау нүктесі ғана сатуда. Олар бір долларды 470 теңгеге беруге әзір.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Айырбастау нүктелерінде доллар бағасы 475 теңгеге жетті
Mailfire view pixel