RU

Елордалықтар тынымсыз еңбектеніп жатқан Біртановты Бэтменға теңеді

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары денсаулық сақтау министрін "супер қаһарман" кейіпкерлеріне теңеді. Желіде Елжан Біртанов монтаж көмегімен "Матрицадағы" Неоға, Суперменге және Бэтменге айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/astana_typical және facebook.com/nassima.korganbekova
Видеодан кадр: instagram.com/astana_typical және facebook.com/nassima.korganbekova: Facebook

Ролик пен фотоколлаждар Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде пайда болды. astana_typical парақшасында еліміздің денсаулық сақтау министрін "Матрица" фильміндегі Нео образында көрінген.

Видео кадрларында картинаның басты кейіпкері мен оның қарсыласының текетірескен сәті бейнеленгенін байқауға болады.

Жазба авторының айтуынша, қазіргі уақытта Біртановтың маңыздылығы көркем фильмде әлемді құтқарған қаһармандар іспеттес.

Facebook қолданушысы Насима Қорғанбекова да супер қаһарман туралы хабарламасымен бөлісті. Оқырман министрді Бэтмен, Супермен және Капитан Америкамен салыстырды.

Елордалық тұрғын шенеуніктің көп жұмыс істейтінін алға тартып, оған "Денсаулық сақтау министрлігінің капитаны" деген лақап ат берген.

Желі қолданушылары Насиманың жазғандарына қосылатынын жеткізіп, Біртановқа және медицина саласының барлық қызметкерлеріге алғыстарын білдірді.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846254-densaulyk-saktau-ministrligini-kapitany-elordalyktar-birtanovka-lakap-at-kojdy.html