RU

Ұлттық банк пен KASE теңге курсы жайлы мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның ұлттық банкі мен "Қазақстандық қор биржасы" АҚ теңге курсы жөнінде ортақ мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ақпараттық хабарлама банктің ресми сайтында жарияланды. Онда өткен тәулік бойынша жаһандық қаржы нарықтардағы құбылмалылық айтарлықтай өсіп кеткені хабарланды.

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 25 долларға жетіп, бір күнде 14%-ға төмендеп кетті. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 60%-ға түсіп келеді. Әлемдік қор және валюталық нарықтарда бағаның түсу үрдіі жалғасуда.

Ресейлік рубль бір күнде 7.3%-ға, жыл басынан бері 30%-дан астам көрсеткішке әлсіреді. Осы жағдайларға сәйкес, ішкі валюталық нарыққа сыртқы факторлардың тұрақсыздық тудырушы әсерлерін шектеу мен Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу мақсатында Ұлттық Банк пен "Қазақстандық қор биржасы" АҚ-мен біріге отырып, 19 мен 20 наурызда франкфурттық аукцион үлгісінде теңге-доллар қаржы жұбы бойынша сауда-саттық өткізу шешімін қабылдады.

Франкфруттық аукцион түріндегі сауда-саттықты өткізу туралы шешім клиенттердің өтінімдерін қанағаттандыруға септігін тигізіп, қаржы нарығындағы тұрақсыздандыру оқиғасына жол бермейді. Сауда-саттықтың алдағы режимі жөнінде ресми мәлімдемелер арқылы айтылатын болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ұлттық банк пен KASE теңге курсы жайлы мәлімдеме жасады
Mailfire view pixel