RU

Ташкентте коронавирусқа қарсы дәрі сататын дәріхана бар ма

Ғаламтор беттерінде Ташкенттің Чиланзар ауданы Катартал көшесінде орналасқан дәріхананың суреті жарияланды. Фотода коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектің бар екені көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы centralasia.media басылымына сілтеме жасап.

Фото: centralasia.media
Фото: centralasia.media: Instagram

Өзбекстанның Бас прокуратурасы жанындағы Департаменттің мәліметінше, құқық қорғау органдарының мамандары дәріхана басшысымен байланысқа түсіп, баннердің шындыққа сәйкес келмейтінін анықтаған.

Белгілі болғандай, хабарлама алынып тастады.

Ал коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмек сату туралы жалған ақпарат таратқан медицалық мекеме қожайыны бұндай істі қайталамауға уәде берген.

Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы халыққа мәлімдеме жасап,бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізге сенім білдірді.

Сондай-ақ, президент жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846261-taskentte-koronaviruska-karsy-dri-satatyn-drihana-bar-ma.html