Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар бір тәулікте шамамен 10 теңгеге қымбаттап кетті

Опубликовано:

Қор биржасындағы сауда кезінде доллар бағамы бірден өсіп кетті. Америкалық валюта шамамен 10 теңгеге қымбаттаған. Соңғы нәтижелерге сәйкес, бір АҚШ доллары 448,8 теңге деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

курсс
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қаржы биржасында болған таңертеңгілік сауда нәтижесінде доллар кешегіге қарағанда 9,5 теңгеге қымбаттады.

Таңғы сессия аяқталған соң шетелдік валютаның құны айырбастау нүктелерінде де өзгерді.

Қазіргі уақытта Алматыда бір долларды сатып алу 440,7-465 теңге болып отыр. Ал шетелдік валютаны сату 471,5-472 теңге. Алайда АҚШ ақшасын тек санаулы айырбастау нүктелерінен алуға болады.

Елордалық айырбастау нүктелерінде долларды 445-462 теңгеден сатып алса, 470-480 теңгеден сатуда. Нұр-Сұлтан қаласында да "жасыл банкноттарды" сатып жатқандар көп емес.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ валютасының 475 теңгеден сатылғаны хабарланды. Шетелдік валюта мегаполистердегі айырбастау нүктелерінде бірден қымбаттаған.

Сондай-ақ Ұлттық банк пен KASE теңге курсы жайлы мәлімдеме жасады.

Ақпараттық хабарлама банктің ресми сайтында жарияланды. Онда өткен тәулік бойынша жаһандық қаржы нарықтардағы құбылмалылық айтарлықтай өсіп кеткені хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846270-dollar-bir-tulikte-samamen-10-tegege-kymbattap-ketti/

pixel