Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 730 адам үй карантинінде жатыр

Опубликовано:

Оңтүстік астанада 730 адам елден оқшауланып, үй карантинінде жатыр. Анықталғандай, олардың дене қызуы нормаға сай деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

19 наурыз күні Қазақстанда тағы бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Бұл жолы инфекция Алматы қаласынан табылды. Аталған жағдайға қатысты сөз сөйлеген қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қалада неше адам карантинде екенін мәлімдеді.

Ол бүгінгі күні уақытша орталықтарда 608 тұрғын жатқанын хабарлады.

"Үй карантинінде 730 адам жатыр. Олардың барлығының дене қызуы нормаға сәйкес" , - деді Тілеухан Әбілдаев.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 37 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Олардың 19-ы Алматы қаласынан, 18 оқиға елордадан анықталды.

Бүгін сағат 00:00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылды. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда коронавирусқа байланысты бір тұрғын үй кешені тұтас карантинге жабылған болатын. Елден оқшаулануға мәжбүр болған тұрғындардың жұмысы сақталынбақ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846276-almatyda-730-adam-j-karantininde-zatyr/

pixel