RU

45 млн теңге: Шенеуніктер мектеп құрылысына бөлінген ақшаны жымқырды деп күдіктелуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшылығы "Нұрлы Жол " бағдарламасы бойынша бөлінген 45 млн теңгені жымқырды деп айыпталуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

45 млн теңге: Шенеуніктер мектеп құрылысына бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікке ілінді

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік тергеу департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті.

"Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар транспорты мен автокөлік жолдары бөлімінің басшылығы аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды деп күдіктелуде", - деді Биғайдаров.

Оның айтуынша, 2020 жылдың 13 наурызында агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаменті Балқаш ауданына қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауданаралық бөлім шенеуніктер бюджет қаражатын ұрлады деген дерекке сүйеніп, сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, "Ақтоғай аудандық Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылғы, жолаушылар транспорты мен автокөлік жолдары бөлімі" ММ басшылығы және "Аспап" ӨК Ақтоғай ауданы, Сарышаған ауылындағы "464 орынлық мектеп құрылысы" нысанына "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген 45 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Биғайдаровтың айтуынша, күдіктілердің кінәлілік деңгейін сот анықтайды.

Еске сала кетсек, Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қостанай облысы көліктік бақылау инспекциясы басшысының кезекті пара алу үстінде ұсталғанын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
45 млн теңге: Шенеуніктер мектеп құрылысына бөлінген ақшаны жымқырды деп күдіктелуде
Mailfire view pixel