RU

Елордадағы әйгілі қонақ үй коронавирус жұқтырғандарды емдейтін ауруханаға айналмақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордадағы Ramada Plaza қонақ үйі коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған ауруханаға айналады. Бұл туралы баспасөз конференциясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото : pixabay.com

Көрнекі фото : pixabay.com

"Бізде А және В жоспары бар. Егер науқастар саны артқан жағдайда, біз коронавирус инфекциясы таралмау үшін қосымша төсек-орындар дайындаймыз. Бүгін әкімдік пациенттерге қосымша төсек-орындармен қамтамасыз ету туралы шаралар белгіледі. Сол себепті InterContinental - Ramada Plaza қонақ үйінде науқастарды қабылдап және карантин режимін сақтау үшін жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз" - деді әкім орынбасары.

Ол жақында ғимаратта жөндеу жұмыстары аяқталатынын жеткізді.

"С жоспарына сәйкес, коронавирусқа байланысты карантин режимін сақтау мақсатында науқастарды қабылдауға дайын басқа нысандармен келіссөздер жүргізілуде", - деп сөзін толықтырды Макен.

Еске сала кетсек, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары коронавирусқа байланысты толықтай карантинге жабылды.

Қаладан шығатын жолдарда бөгеттер тұр, барлық келушілер тепловизорлармен тексеріледі. Алматы полициясы басшысының сөзінше, адамда жоғарғы дене қызуы анықталса, ол қалаға кірмейді.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19 таралуының күрделі жағдайын ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның басқа қалаларына коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында Мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қосымша шектеу, алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды енгізу туралы шешім қабылдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордадағы әйгілі қонақ үй коронавирус жұқтырғандарды емдейтін ауруханаға айналмақ
Mailfire view pixel