RU

Бас прокурор президентке төтенше жағдайға байланысты есеп берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті еліміздің Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовты қабылдады

Фото: Ақорда

Қадағалау ведомствосының жетекшісі мемлекет басшысына Төтенше жағдай кезінде еліміздегі құқықтық тәртіпті сақтау үшін қабылданған шаралар туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокуратурадағы және жергілікті жерлердегі іс-қимылдар мен шешімдерге дер кезінде құқықтық баға беру үшін шұғыл әрекет ету штабтары құрылғаны жайында мәлімет берілді.

Ғизат Нұрдәулетов жекелеген медициналық құрал-жабдықтарды қолдан қымбаттатуға жол бермеу, жалған және арандатушылық ақпараттардың таралуына қарсы күресу мақсатында, сондай-ақ, Төтенше жағдай режимінің бұзылуына қатысты құқық қорғау органдарының қабылдайтын шаралары туралы айтты.

Қазақстан президенті азаматтардың құқықтары мен қоғам мүддесін сақтаудың, уақытша шектеу шаралары кезінде заңдылықты қамтамасыз етудің маңыздылығына баса мән берді.

Еске сала кетсек, елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бас прокурор президентке төтенше жағдайға байланысты есеп берді
Mailfire view pixel