RU

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы жеті адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы жеті адам тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Олардың жасы 25 пен 52 арасында. Барлығы осыған дейін коронавирус жұқтырған науқастармен тығыз байланыста болған. Қазір стационарда карантинде жатыр. Жағдайлары қанағаттанарлық.

Осылайша, елімізде қауіпті дертке шалдыққандар саны 44-ке жетті. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен коронавирус инфекциясын таратпау үшін қала билігі қандай жұмыс істеп жатқанын айтты.

Оның сөзінше, "С" жоспары төтенше жағдай коменданттық сағатқа ауысқан кезде, аталған вирус жаппай таралған сәтте жүзеге асады.Сонымен қатар, мұндай жағдайда билік карантин үшін төсек-орынмен барынша қамтамасыз етеді.

Елордалық әкімдіктің ақпаратынша, бұдан былай ірі дүкендер мен сауда үйлерінде сусымалы тауарлардың сатылымына қатысты шектеулер енгізілмек.

Атап айтсақ, бір чекке 5 келіден артық сусымалы тауар түрі берілмейді. Мұндай шектеу ұн, қант, күріш сияқты тауарларды алып-сатарлардың сатып алмасы үшін қойылған.

Сонымен қатар, аталмыш сусымалы өнімдер мен кептірілген жемістерді ашық күйінде сатуға болмайды. Бұл тауар түрлері буып-түюлі болуы керек. Ал жемістер мен көкөністерді ашық күйінде сата беруге рұқсат етілген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы жеті адам тіркелді
Mailfire view pixel