Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус бойынша "С" жоспарына әзір

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен коронавирус инфекциясын таратпау үшін қала билігі қандай жұмыс істеп жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Оның айтуынша, "С" жоспары төтенше жағдай коменданттық сағатқа ауысқан кезде, аталған вирус жаппай таралған сәтте жүзеге асады.

Сонымен қатар, мұндай жағдайда билік карантин үшін төсек-орынмен барынша қамтамасыз етеді.

Белгілі болғандай, фармацевтикалық қауымдастықпен, тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау бөлімімен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойылған.

"Бұл өте маңызды. Қала тұрғындары дәрі мен маска үшін алаңдаулы, сондықтан біз барлық дәрі-дәрмектер мен маскалардың жеткізілуін толығымен қамтамасыз ету үшін көп жұмыс істейміз", - деді қала әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, елордада бұл шаралардан бөлек, дезинфекция жұмыстары да жүргізілуде.

Cоңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде қауіпті дертке шалдыққандар саны 44-ке жетті. Оның ішінде 19 дерек Алматыда, 25 дерек Нұр-Сұлтанда анықталды.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846299-nr-sltan-kalasy-koronavirus-bojynsa-s-zosparyna-zir/

pixel