RU

Ресейде коронавирустан алғаш рет пациент қайтыс болды

Ресейде коронавирустан алғаш рет адам өлімі тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ iz.ru-ға сілтеме жасап.

Ресейде коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды
Көрнекі фото: iz.ru: Instagram

Бұл туралы Мәскеудегі инфекция жағдайын бақылау және мониторинг жасау бойынша шұғыл штаб хабарлады.

Олардың мәліметінше, COVID-19 инфекциясынан алғаш рет көз жұмған пациент 79 жастағы әйел адам. Ол Мәскеудегі ауруханалардың бірінде қайтыс болған.

Хабарламада қарт кісінің бірқатар созылмалы аурулары болғаны айтылған. Сондай-ақ зейнеткер жансақтау бөлімінде бірнеше кешенді интенсивті терапия қабылдап, оқшауланған бокста жатқан.

Еске сала кетсек, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 44 вирус жұқтырған адам тіркелген. Оның 19-ы Алматыда болса, 25-і Нұр-Сұлтанда қаласында.

Сондай-ақ Алматыда 750 адамның үй карантинінде жатқаны белгілі болды. Олардың барлығының дене қызуы нормаға сай.

19 наурызда сағат 00:00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылды. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен коронавирусқа қарсы қала билігінің "С" жоспарына көшуге әзір екенін хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1846305-resejde-koronavirustan-algas-ret-pacient-kajtys-boldy.html