RU

Алматыда коронавирустан емделіп жатқандардың бірінің хәлі нашарлаған

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев коронавирусқа шалдыққан науқастардың бірінің жағдайы нашарлағанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Әбілдаев науқастың жағдайының нашарлауы оның созылмалы ауруымен байланысты екенін атап өтті.

"Қалалық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасында 16 науқас жатыр, балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында расталған диагноздармен екі бала анасымен жатыр.
Созылмалы өкпе ауруына байланысты науқастардың бірінің жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Қалғандарының жағдайы – қанағаттанарлық.
Бүгінде 4 уақытша госпитальде 608 азамат карантинде жатыр, 1 наурыздан бері 730 адам үйлерінде оқшауланған", – дейді ол.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы жеті адам тіркелді. Осылайша, елімізде вирусқа шалдыққандар саны 44-ке жетті. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда.

Бұған дейін оңтүстік астанада 730 адамның елден оқшауланып, үй карантинінде жатқанын хабарлағанбыз. Анықталғандай, олардың дене қызуы нормаға сай.

Сондай-ақ бұған дейін Алматыда коронавирусқа байланысты бір тұрғын үй кешені тұтас карантинге жабылған болатын. Елден оқшаулануға мәжбүр болған тұрғындардың жұмысы сақталынбақ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846307-almatyda-koronavirustan-emdelip-zatkandardy-birini-hli-nasarlagan.html