RU

Нұр-Сұлтан қаласында коменданттық сағат енгізеле ме

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен карантин жағдайында тұрғындардың қала ішіндегі қозғалысы шектеледі ме деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: www.parlam.kz
Фото: www.parlam.kz: UGC

Бақтияр Мәкен бүгіннен бастап енгізілген карантин режимінде елордаға шығу және кіру шектелетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, коменданттық сағат, яғни тұрғындардың қала ішіндегі қозғалысын белгілі бір уақыт көлемінде шектеу жоспарланып отырған жоқ.

Алайда, соған қарамастан маман астаналықтардан қала ішіндегі қозғалысын шектеуін сұрады. Себебі қала аумағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін көрінеді.

"Тұрғындардың бұл шараларға қатысты түсіністік танытуларын сұраймыз. Бұл өте маңызды. Қолданылмақ шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", – деді Бақтияр Мәкен.

Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус бойынша "С" жоспарына әзір екендігін жеткізді.

Еске сала кетесек бұған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы жеті адам тіркелгенін хабарлаған едік.

Осылайша, елімізде вирусқа шалдыққандар саны 44-ке жетіп отыр. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда.

Аталмыш екі қалада коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846308-nr-sltan-kalasy-kimini-orynbasary-komendanttyk-sagat-engizu-zosparlanyp-otyrgan-zok.html