Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция облыс аумағы арқылы Алматыны қалай айналып өтуге болатынын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Оңтүстік астананың тәртіп сақшылары облыс аумағы арқылы Алматыны қалай айналып өтуге болатынын көрсетті. Полицейлер айналма жолды картаға түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бүгіннен бастап Алматы қаласы аумағында карантин режимі іске қосылды. Осы орайда қаланы айналып өту үшін арнайы схема жасалған.

"Мұнда облыс аумағы арқылы қаланы айналып өту бағыты қамтылған. Талғар ауданынан Қарайсай ауданына және т.б. қалай жетуге болатыны көрсетілген. Алматы облысының елді мекендері арқылы Алматыны айналып өту схемасы картада үзік-үзік сызықпен көрсетілген", - деді Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері тұрғындарға өз бағыттарын алдын-ала ойластырып алуларын айтып, тәртіп сақшыларының талаптары мен ТЖ ережесін сақтауларын өтінді.

Полиция облыс аумағы арқылы Алматыны қалай айналып өтуге болатынын көрсетті
Фото: Алматы ПД: Twitter

Еске сала кетсек, біздің елде коронавирус жұқтырғандар саны артып жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 44 вирус жұқтырған адам тіркелген. Оның ішінде 19 дерек Алматыда, 25 дерек Нұр-Сұлтанда анықталған.

Бүгін сағат 00:00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылды. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846312-policia-oblys-aumagy-arkyly-almatyny-kalaj-ajnalyp-tuge-bolatynyn-krsetti/

pixel