RU

Нұр-Сұлтан дәріханаларына бір аптада миллион маска жеткізілмек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордаға бір аптада миллион медициналық маска жеткізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында қаланың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бекмырзаев өткен аптада қаладағы дәріханаларға төрт жүз мыңға жуық маска жеткізілгенін атап өтті.

"Қосымша бетперделерге келсек, біз қазір жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бір апта ішінде бір миллион маска сатып алынады", – деді ол.

Сондай-ақ басқарма басшысы министрлікпен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті баға бекіту мәселесі талқыланғанын жеткізді.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы жеті адам тіркелді.

Олардың жасы 25 пен 52 арасында. Барлығы осыған дейін коронавирус жұқтырған науқастармен тығыз байланыста болған.

Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 44-ке жетті. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен коронавирусқа қарсы қала билігі қандай жұмыс істеп жатқанын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтан дәріханаларына бір аптада миллион маска жеткізілмек
Mailfire view pixel