Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырғандардың мекенжайы туралы хабарламаға әкімдік жауап берді

Опубликовано:

Әлдекімдер әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Алматы қаласындағы ауру жұқтыру ошақтары мен коронавирус жұқтырғандардың мекенжайы көрсетілген іспетті жазбаны таратып жатыр. Алматы қаласының әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов, фото: telegram-канал StopCov | ALMATY
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов, фото: telegram-канал StopCov | ALMATY: UGC

Желіде таралған хабарламада Алматы қаласындағы ауру жұқтыру аймақтары Гоголь, Сейфуллин көшелерінде, "Алтай 1" ықшамауданында, Бағанашыл ауданында "Сұңқар" тұрғын үй кешенінде орналасқаны жайлы жазылған.

Одан бөлек, коронавирус жұқтырған алматылықтар тұратын іспетті 12 нақты мекенжай жарияланған.

Алайда, денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарлауынша, қала әкімдігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.

Айта кету керек, бұған дейін Түркістан облысында Германиядан ұшып келген әйел адам жайлы жалған ақпарат таратқан тұрғын анықталғанын хабарлаған едік.

Одан бөлек облыста коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан үш адамға қатысты тергеу жүріп жатқаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы елдегі ТЖ кезінде жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846332-koronavirus-zktyrgandardy-mekenzajy-turaly-habarlamaga-kimdik-zauap-berdi/

pixel