RU

Грузияда қалып қойған қазақстандықтарға арнайы ұшақ жіберілетін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Рейстері тоқталып Грузияның астанасы Тбилисиде қалып қойған қазақстандықтар елге қайтарылатын болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Air Astana компаниясы өзге елде қалып қойған отандастарымыз үшін KS 1400 рейсі бөлінгенін хабарлады. Ұшақ қазақстандықтарды Тбилисиден Алматыға жеткізеді.

Әуе кемесі Грузия астанасынан 20 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 15:20-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша - 17:20) ұшып шығады деп жоспарланған.

Алматыға ұшақ 20 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:05-те ұшып келеді деп күтілуде.

Жолаушыларға осы рейске тіркелу үшін қайда хабарласу керектігі айтылды.

Маңызды ақпарат

Маңызды ақпарат

Еске сала кетсек, осыған дейін әлеуметтік желілерде көптеген қазақстандықтардың Тбилисиден елге қайта алмай жатқандары туралы ақпарат тарады.

Желіде жарияланған пост авторының айтуынша, Air Astana әуе компаниясы тоқтатылған рейстер бойынша билеттердің ақшасын қайтаруға уәде берген.

"Дәл қазір, екі жүзге жуық қазақстандық елдеріне қайта алмауда. Грузияда, Тбилисиде отыр. Бұл қорқынышты", – деп жазды Facebook желісінде Алексей Курапов.

Айта кетейік, бұған дейін бір топ отандастарымыздың Мәскеуден қайта алмай жатқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Грузияда қалып қойған қазақстандықтарға арнайы ұшақ жіберілетін болды
Mailfire view pixel