Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Сұңқар" тұрғын үй кешені жанындағы тағы үш үй оқшауланды (фото)

Опубликовано:

Желіде Алматы тұрғынының түсірген видеосы тарады. Ол үш бідей тұрғын үй тұрғындарының 14 күнге оқшауланғанын айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

"НЕХабар" Telegram-арнасында жарияланған видеода куәгер карантинге жабылған "Сұңқар" тұрғын үй кешені жанындағы Достық 42, Достық 42а және Қабанбай батыр 68 мекенжайы бойынша орналасқан үш бірдей үйдің екі аптаға оқшауланғанын жеткізді.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бұл ақпаратты растады.

Видеода химиялық қорғаныс киімдерін киген адамдардың ауланы тазартып жатқандарын көруге болады.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original
"Достық көшесінің бойындағы 42-ші үй карантинге жабылды. Ешкімді шығармайды. Санэпидемстанция қызметкерлері бүкіл ауданы тазартуда. Периметр бойынша ұлттық гвардия, полиция және әкімдік қызметкерлері тұр. Осылай өмір сүріп жатырмыз", – дейді бейнежазба авторы.

Оқшауланған үйлердің тұрғындарын жақын маңдағы дүкеннен басқа еш жерге жібермейді.

Карантинге жабылған үйлердің бірінде тұратын Христина Цирцея Tengrinews.kz журналистеріне берген сұхбатында аула мен кіреберістер тазартылып жатқанымен, адамдардың өзін коронавирусқа тексермегенін айтады. Дүкенде нан да, сүт те жоқ, бірақ жақын арада барлық керек азық-түліктер әкелінеді деп күтілуде.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original
"Бұл дұрыс шешім деп есептеймін. Барлығы кенеттен болғандықтан, тұрғындар абдырап қалды. Қорқынышты, себебі әлемде жұрттардың қалай байбалам салып жатқанын білеміз ғой. Қытайдан шыққан вирус біздің үйге келіп жетті. Бұл шошытады", – дейді тұрғын.
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында Зенков көшесінің бойында орналасқан "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің тұрғындардың бірінен коронавирус анықталуына байланысты карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846369-almatyda-skar-trgyn-j-keseni-zanyndagy-tagy-s-j-oksaulandy/

pixel