RU

Nur Otan тегін маскалар мен антисептикалық құралдарды таратуда (видео)

Елбасының бастамасымен коронавирустың таралуына қарсы күрес үшін іске қосылған Nur Otan қайырымдылық акциясы еліміздің ірі қалалары мен Алматы және елорда айналасындағы елді мекендерді қамтымақ. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/baibekbk
Фото: Instagram/baibekbk: Facebook

Байбектің сөзінше, "Nur Otan" партиясының өңірлік филиалдарына жергілікті әкімдіктермен медициналық маскаларды, антисептикалық құралдар мен аса қажетті заттарды сатып алуды ұйымдастыру тапсырмасы берілген. Аталған заттарды мұқтаж жандарға пария мүшелері мен "Jas Otan" еріктілері таратып береді.

Фото: Instagram/baibekbk
Фото: Instagram/baibekbk: Facebook
"Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, кеше партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында «Nur Otan» карантин жарияланған елордадағы және Алматы қаласындағы жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағыттады. Сонымен қатар Елбасы бастамасымен қолға алынған осы қайырымдылық акциясының ауқымын кеңейтіп, оны еліміздің қалған ірі қалаларында және елорда мен Алматы маңындағы іргелес елді мекендерде де өткізу туралы шешім қабылданды" , - деп жазды Бауыржан Байбек.
Фото: Instagram/baibekbk
Фото: Instagram/baibekbk: Facebook

Айта кету керек, "Nur Otan" мен "Jas Otan" еріктілері тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына қажетті заттарды байланыссыз жолмен таратуды бастап кетті. Олар жүздеген отбасыны аралап үлгерді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846387-nur-otan-tegin-maskalar-men-antiseptikalyk-kraldardy-taratuda-video.html