RU

Алматыда карантин уақытысына мешіттерді жауып тастайды

Алматыдағы мешіттер карантин уақытысына өз жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Sputnik Қазақстан басылымының хабарлауынша, ведомство бұл шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен денсаулығы үшін жасалып отырғанын жеткізген.

Оңтүстік астананың бас имамы Алматыдағы мешіттердің барлығы 19 наурыздан бастап толығымен жабылатынын хабарлады. Карантин уақытысында мешіт ғимаратында жұма намаз оқылмайды және адамдарға онда баруға тыйым салынады. Бұл шаралар жергілікті билік өкілдері мен елордамен ақылдаса қабылданған.

Мұсылмандардың діни басқармасы бұған дейін қазақстандықтарға пандемия кезінде намазды үйден оқып, халық көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес берген болатын.

Діни мекеме енгізілген шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.

Айта кетейік, 19 наруыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы коронавирусқа байланысты карантинге жабылды. Қос қаладағы сауда орталықтары, мейрамханалар мен көңіл көтеретін жерлер өз жұмысын тоқтатты.Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер енді сағат алтыға дейін жұмыс істейді. Автобустар тек 21:00-ге дейін жүрмек.

22 наурыздан бастап, бұл қалаларға кіруге және шығу,а болмайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846390-almatyda-karantin-uakytysyna-mesitterdi-zauyp-tastajdy.html