RU

Еуропадан ұшып келген қазақстандық терезеден секіріп, карантиннен қашып кеткен

Атырауда карантин режимін бұзған қазақстандыққа қатысты әкімшілік іс қаралды. Аураханаға жатқызылған ер адам терезеден секіріп, қашып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото:24tv.ua
Фото:24tv.ua: UGC

Әкімшілік соттың ақпаратынша, қазақстандық азамат елге Литвадан келген. Ол атыраулық тубдиспансерге карантинге жатқызылған болатын.

Алайда, ол 18 наурызда түнде сағат үш шамасында медициналық мекемеден қашып шыққан. Белгілі болғандай, азамат ауруханадан екінші қабаттағы терезеден кеткен.

Ер адам өзіне қатысты сот отырысына видео байланыс арқылы қазіргі таңда жатқан палатасынан хабарласып қатысқан. Ол өз кінәсін мойындап, нәтижесінде оған ескерту жасалынды. Дәрігерлер бүгінде қазақстандықтың жағдайын жіті бақылауында ұстап отыр.

Еске сала кетейік, елімізде бірқатар шектеулерді орнатқан ТЖ режимі енгізілді.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус тағы жеті адамнан анықталып, мемлекет бойынша вирусты жұқтырып алғандардың саны 44-ке жетті.

Оған қоса, оңтүстік астанада үй карантинінде 730 адам жатқаны белгілі болды.

Сонымен қатар, елорда мен Алматы бүгін карантинге жабылды. 22 наурыздан бастап, екі қалаға да кіруге және шығуға тыйым салынады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846392-europadan-syp-kelgen-kazakstandyk-terezeden-sekirip-karantinnen-kasyp-ketken.html