RU

Ресейде алғаш рет коронавируске байланысты ТЖ режимі жарияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Федерация аумағындағы коронавирустың таралуына байланысты ТЖ жариялаған алғашқы ресейлік қала белгілі болды. Хакасия Республикасындағы Абакан шаһары тұрғындарының қауіпсіздігі үшін бұл шараны қолдануғы мәжбүр болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Абакан әкімдігі

Фото: Абакан әкімдігі

Абакан әкімі Алексей Лемин жедел отырыс өткізіп, оның барысында коронавирус салдарынан ТЖ режимін енгізу жөнінде талқылады. Бұл туралы қалалық әкімшіліктің ресми сайтында хабарланды.

Төтенше жағдай режимі 18 наурыздан бастап енгізілді.

Лемин орын алған жағдйға байланысты абакандықтарға үндеу жолдады. Ол қала аумағында вирусты жұқтыру оқиғасы тіркелгенін растады. Қала әкімі тұрғындарға дүрбелеңге берілмей, сабырлық танытуға шақырды. Ол бірқатар шектеу шараларын атап өтті.

Шаөар басшысы 18 наурыздан бастап, барша оқушылар демалысқа кететінін мәлімдеді. Оған қоса, мектепке дейінгі мекемелер де демалысқа жіберілді.

Демалыстан соң, қашықтықтан оқу режимі қосылмақ. Мектепке дейінгі мекемелерге баратын балалардың ата-аналарына оларды балабақшаға жібермеуге кеңес берілді. Аталмыш ұйымдар жұмысын әлі жалғастырып жатыр. Балабақшаларда дезинфекция бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Ауқымды шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде алғаш рет коронавируске байланысты ТЖ режимі жарияланды
Mailfire view pixel