Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Италиядағы адам өлімі рекордтық көрсеткішке жетті

Опубликовано:

SARS-CoV-2 вирустық пандемиясы жайлы соңғы деректер шықты. Украинда коронавирустан үш адам өлімі тіркелсе, Италия көз жұмғандар саны бойынша әлемдегі бірінші ел атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Украинда 3 өлім
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

РИА Новости-дің жазуынша, Италияда коронавирустық жағдай қатты өршіп тұр. Мұнда бір тәулікте 420 адам көз жұмған. Ал қайтыс болғандардың жалпы саны - 3,4 мың адамға жетіп отыр. Айта кетсек, бұл елде Қытайға қарағанда өлім-жітім саны 200 адамға көп.

Ал мемлекетте 40 мың адам инфекция жұқтырып үлгерген. Тағы 4,4 мың науқас ауруынан айыққан.

Ресми деректерге сүйенсек, Қытай сыртында инфекция жұқтырып, содан көз жұмғандар саны күннен күнге артуда. Мәселен, өткен бір тәулікте Канада мен Түркияда коронавирус жұқтырудың 100 жаңа дерегі тіркелген.

Көршілес Ресейде де вирус жұқтырғандар саны 200 адамға өскен. Украинада үш адам өлімі тіркеліп, инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 26 адамды құрап отыр.

Өзбекстанда COVID-19 инфекциясы 23 адамнан табылса, Қырғызстанда үш адамнан анықталған.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны - 44. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846413-koronavirus-italiadagy-adam-limi-rekordtyk-krsetkiske-zetti/

pixel