Әлеуметтік желілерде Алматыда тағы бір тұрғын үй кешенінің қоршауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Dostyk Plaza сауда үйіне қарама-қарсы орналасқан Almaty Towers тұрғын үйін әскерилер қоршап алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Достық даңғылында орналасқан тұрғын үй кешенін полицейлер мен әскерилердің қоршауға алынғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде, әртүрлі парақшаларда, сондай-ақ Telegram арналарда тарады.
Желдегі ақпаратты кешеннің 19 наурыз күні кешке қоршауға алынғаны айтылған. Кіру және шығуға тыйым салынған.

Almaty Towers тұрғын үйінің аумағы профилактика үшін қоршалды деген болжам бар. Бұл туралы "НеХабар" Telegram арнасында айтылған.
Алайда, айта кетсек, бұл мәліметке қатысты қала әкімдігі ресми ақпарат берген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында Зенков көшесінің бойында орналасқан "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің тұрғындардың бірінен коронавирус анықталуына байланысты карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан тағы Достық 42, Достық 42а және Қабанбай батыр 68 мекенжайы бойынша орналасқан үш бірдей үйде оқшауланды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846415-almaty-towers-trgyn-j-keseni-korsauga-alyndy.html