RU

Монако князінен короновирус анықталды

Монако князі Альбер ІІ-ден коронавирус табылды. Бұл туралы княздік сарайдың мәлімдемесінде айтылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Монаконың князінен короновирус анықталды
Альбер ІІ. Фото: РИА Новости / Алексей Никольский: Instagram

Құжатта Альбер ІІ апта басында COVID-19 инфекциясына сынама тапсырғаны айтылған. Сондай-ақ, мәлімдемеде оның денсаулығы үшін ешқандай қауіп жоқ екені де жазылған.

Князь денсаулығын дәрігерлердің бақылап отырғаны белгілі болды. Сарайдың хабарлауынша, Альбер ІІ үкімет мүшелерімен және жақын серіктестерімен үнемі байланыста.

"Ол Монако тұрғындарынан қозғалысты шектеу шараларын сақтауды және байланысты барынша азайтуды сұрайды. Ережелерді қатаң сақтау ғана коронавирустың таралуына жол бермейді", - делінген сарай құжатында.

Княздік сарай 62 жастағы монархтың денсаулығы туралы ақпаратты бұдан кейін де жариялап отырмақ.

Еске сала кетейік, Италияда коронавирустық жағдай өршіп тұр. Соңғы деректерге сәйкес, мұнда бір тәулікте 420 адам көз жұмған. Ал қайтыс болғандардың жалпы саны - 3,4 мың адамға жетіп отыр. Айта кетсек, бұл елде Қытайға қарағанда өлім-жітім саны 200 адамға көп.

Ал елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 44-ке жетті. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846419-monako-knazinen-koronovirus-anyktaldy.html