RU

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіле бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейде жаңа коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізе бастады. Дәрілік зат осы жылдың күз-қысында дайын болып қалуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ресейде

Көрнекі фото: Getty Images / Predrag Popovski

Мұндай хабарлама Тұтынушылардың құқықтарын және адамның әл-ауқатын бақылау федералды қызметінің сайтында пайда болған.

Хабарламада ғылыми орталықтардың бірінде ең қысқа мерзімде коронавирусқа қарсы вакцинаның үлгісі жасалып шыққаны айтылған. Дәрілік зат алты түрлі технологияның көмегімен жасалған.

Вакциналар сынақтан өте бастағаны хабарланды. Тәжірибе зертханалық жануарларға, соның ішінде маймылдарға жасалды.

Тест нәтижелері бойынша жасушалық және гуморальдық иммунитеттерді қамтитын вакцинаның қауіпсіз және тиімді нұсқалары таңдалады. Сондай-ақ вакцинаны енгізу тәсілі мен дозасы, құрамын анықтайды.

Болжам бойынша, вакцина осы жылдың соңғы тоқсанында енгізілмек.

Хопкинс атындағы университеттің дерегінше, коронавирус әлемнің 161 еліне таралып үлгерген. 242 721 адам инфекция жұқтырып, оның 85 671-і емделіп шыққан. Сондай-ақ 9869 адам көз жұмған.

Еске сала кетсек, Италияда бір тәулікте инфекциядан 420 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Ал қайтыс болғандардың жалпы саны - 3,4 мың адамды құрап отыр.

Айта кетсек, бұл елде Қытайға қарағанда өлім-жітім саны 200 адамға көп.

Италияда COVID-19 инфекциясынан 4,4 мың науқас айыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина сынақтан өткізіле бастады
Mailfire view pixel