Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коронавирус ошағына айналған 11 орын анықталды

Опубликовано:

Оңтүстік астана билігі мегаполис аумағында коронавирус ошағына айналған 11 орынды анықтады. Олардың бәрі қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан. Қазіргі уақытта билік әрқайсысын бақылауға алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

коронавр
Фото: Sputnik / Стрингер: UGC

Қала билігінің хабарлауынша, анықталған 11 орын бақылауға алынған. Sputnik Қазақстанның жазуынша, толық ақпарат бүгін, 20 наурызда хабарланады.

Осы ретте қаланың кейбір тұрғындары аудандарына залалсыздандыру жүріп жатқаны туралы фотосуреттермен бөлісуде.

Құрметті оқырмандар, егер сіз де осындай вирус анықталған аймақта болсаңыз, онда біздің editor@corp.nur.kz пошталық адресімізге жазыңыз.

коронавр
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында Зенков көшесінің бойында орналасқан "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің тұрғындардың бірінен коронавирус анықталуына байланысты карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Кейін"Сұңқар" тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан тағы Достық 42, Достық 42а және Қабанбай батыр 68 мекенжайы бойынша орналасқан үш бірдей үйдің оқшауланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ желіде Almaty Towers тұрғын үй кешені де қоршауға алынғаны жайлы ақпарат тарады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846425-almatyda-koronavirus-osagyna-ajnalgan-11-oryn-anyktaldy/

pixel