RU

Дәрігер коронавирус пандемиясының аяқталу уақытын атады (видео)

Ресейлік дәрігер Александр Мясников "Соловьев. Live" бағдарламасында коронавирустың шамамен қашан беті қайтатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрігер коронавирус пандемиясының аяқталу уақытын атады (видео)
Фото: Видеодан кадр: UGC
"Коронавирус менің ойымша, бір айдан кейін, сәуір айының ортасына қарай аяқталды", - дейді Мясников.

Оның айтуынша, коронавирус маусымдық құбылыс болып табылатын жіті респираторлық ауруды тудырады. Сондай-ақ, Мясников коронавирустың күзде қайталануы әбден мүмкін екенін атап өтті

Оның айтуынша, әзірге медицинада вирустың берілу жолдары белгісіз. Ол сондай-ақ, пандемия төңірегіндегі үрейді негізсіз деп атады, алайда карантин енгізудің маңыздылығын атап өтті.

"Бәрі өтеді. Уайымдамаңыздар. Барынша сабырлы болған жөн. Себебі үрей - ешкімге көмектеспейді", - дейді Александр Мясников.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы деректер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны - 44. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Сондай-ақ, соңғы деректер бойынша Италияда коронавирустық жағдай өршіп тұр. Соңғы деректерге сәйкес, мұнда бір тәулікте 420 адам көз жұмған. Ал қайтыс болғандардың жалпы саны - 3,4 мың адамға жетіп отыр. Айта кетсек, бұл елде Қытайға қарағанда өлім-жітім саны 200 адамға көп.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1846428-driger-koronavirus-pandemiasyny-aaktalu-uakytyn-atady.html