RU

Израиль халқына үйлерінен шығуға тыйым салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

19 наурызда Израильде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін қатаң шаралар қабылданды. Бұл туралы үкімет басшысы Биньямин Нетаньяху мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ newsru.co.il-ге сілтеме жасап.

Израиль халқына үйлерінен шығуға тыйым салынды

Биньямин Нетаньяху. Фото: Фото: О.Фитусси

Үкімет басшысы қиын-қыстау кезең ауыр шешімдерді қабылдауды талап ететінін айтты. Ол түнде үкіметтің қозғалысты шектеуді қарастырып, ел аумағында төтенше жағдай енгізу туралы ұсынысты қабылдайтынын мәлім етті.

"Бұл енді өтініш не ұсыныс емес, енді бұл орындалуын полиция қадағалайтын бұйрық", - деді Биньямин Нетаньяху.

Ол мұндай шараның Израиль тарихында алғаш рет енгізіліп отырғанын атап өткен. Үйден нақты бір себепсіз жеті күн ішінде шығуға болмайды. Шектеу мерзімі ұзартылуы да мүмкін.

Жаңа жарлыққа сәйкес, адамдар көшеге азық-түлік пен дәрі сатып алу үшін және медициналық көмек алу мақсатында ғана шыға алады.

Алайда өмірлік маңызы бар жұмысты атқаратын қызметкерлер үшін ерекшеліктер қарастырылған.

Еске сала кетсек, Қазақстанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында төтенше жағдай енгізілген.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары 19 наурыздан бастап карантинге жабылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Израиль халқына үйлерінен шығуға тыйым салынды
Mailfire view pixel