RU

Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені оқшауланды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда коронавирусқа байланысты тағы бір үй қоршауға алынды. Тұрғындар екі аптаға карантинге жабылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

жилой

Фото: Facebook/Индира Хаметчина

Гоголь көшесі мен Қонаев көшесінің қиылысында орналасқан ғимарат қоршалды.

Бұл туралы алматылық журналист Индира Хаметчина Facebook парақшасында хабарлаған. Ол әлеуметтік желіге суреттер жариялаған.

Хаметчинаның айтуынша, үй тұрғындары түн ортасында техника мен полиция көліктерінің қатты дауысынан оянған. Тұрғындардың барлығы карантинге жабылған. Оларға нақты ақпаратты кейінірек беруге уәде берген.

жилой

Фото: Facebook/Индира Хаметчина

жилой

Фото: Facebook/Индира Хаметчина

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда коронавирус ошағына айналған 11 орын бар екені анықталды. Олардың әрқайсысы қаланың әртүрлі ауданында орналасқан.

бұған дейін Алматы қаласында Зенков көшесінің бойында орналасқан "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің тұрғындардың бірінен коронавирус анықталуына байланысты карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан тағы Достық 42, Достық 42а және Қабанбай батыр 68 мекенжайы бойынша орналасқан үш бірдей үйде оқшауланды.

Сонымен бірге, Almaty Towers тұрғын үйі де қоршалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені оқшауланды (фото)
Mailfire view pixel