RU

БАҚ Алматыда коронавирустың салдарынан төртінші тұрғын үйдің оқшауланғанын хабарлады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада тағы бір көп пәтерлі тұрғын үй коронавирусқа байланысты карантинге жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап.

БАҚ Алматыда коронавирустың салдарынан төртінші тұрғын үйдің оқшауланғанын хабарлады

Фото: KAZ.NUR.KZ

Телеарна мәліметінше, әңгіме Жароков көшесі, 16 мекенжайында орналасқан тұрғын үй ғимараты жайлы.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қазіргі уақытта үйдің аумағы қоршалып, кіреберісте бақылау-өткізу пункті қойылған.

Әзірге аталмыш ақпаратқа қатысты қала билігі ресми пікір білдірген жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында Зенков көшесінің бойында орналасқан "Сұңқар" тұрғын үй кешенінің тұрғындардың бірінен коронавирус анықталуына байланысты карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Кейін"Сұңқар" тұрғын үй кешенінің жанында орналасқан тағы Достық 42, Достық 42а және Қабанбай батыр 68 мекенжайы бойынша орналасқан үш бірдей үйдің оқшауланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ желіде Almaty Towers тұрғын үй кешені де қоршауға алынғаны жайлы ақпарат тарады.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша, Қарағандыда екі адамнан, Алматыда тағы үш адамнан коронавирус анықталды.

Осылайша, қазіргі таңда елімізде 49 коронавирус жұқтыру дерегі анықталған. Оның 22-і Алматы қаласында, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екеуі Қарағанды қаласында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ Алматыда коронавирустың салдарынан төртінші тұрғын үйдің оқшауланғанын хабарлады
Mailfire view pixel