RU

Карантин кезінде жұмыс істеген сұлулық салондары мен кофеханалар жазаланады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин режимі жұмыс істей бастады. 22-нен бастап осы қалаларға кіру және шығу жолдары толықтай жабылады. Сондай-ақ, бұл кезеңде нақты қандай нысандардың жұмыс істемейтіні белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Карантин кезінде жұмыс істеген сұлулық салондары мен кофеханалар жазаланады

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы Zakon.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап жазды.

Әкімдіктің мәліметінше, аумағы 2 мың шаршы метрден асатын барлық сауда үйлері мен сауда ойын сауық орталықтары жабылды.

Мұндай шара адамдардың жиналуына жол бермеу үшін қабылданды. Алайда, осы орталықтарда орналасқан супермаркеттер, дәріханалар мен екінші деңгейлі банктер жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындары, кофеханалар, мейрамханалар жабылады. Оларға тек тамақты үйге жеткізіп беру арқылы жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Өз жұмысын сұлулық салондары, спорт залдары, SPA-орталықтары да тоқтатуы тиіс.

Басылым тыйым салынғанға қарамастан, кейбір мекемелердің өз жұмысын жалғастырып жатқанын айтты.

Әкімдікте атап өткендей, аудан әкімдері мен прокурорлар карантин режимін сақтауды бақылайды. Олар бизнес нысандарының енгізілген режим талаптарын орындағанын не орындамағанын тексереді. Жаңа ережелерді елемеу жағдайында әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Әкімдікте кейін карантин режиміне қатысты арнайы жадынама жарияланатынын да айта кетті.

Айта кетейік, 20 наурыздағы соңғы деректерге сәйкес, елімізде тағы 5 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 49-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин кезінде жұмыс істеген сұлулық салондары мен кофеханалар жазаланады
Mailfire view pixel