RU

ДСМ Қазақстанда коронавирустан болған адам өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шетелдік онлайн дайджестерде Қазақстанда коронавирустан болған алғашқы өлім тіркелгені туралы ақпарат пайда болды. Денсаулық сақтау министрлігі аталмыш мәліметті жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ДСМ Қазақстанда коронавирустан болған адам өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Көрнекі фото: Getty Images / fotomay

Worldometer онлайн дайджестінің жазуынша, 19 наурызда Қазақстанда 8 жаңа вирус жұқтыру дерегі мен 3 науқастың өлімі тіркелген. Осы сайттың ақпаратына сәйкес, Қазақстанда жалпы 41 адам вирус жұқтырған.

отириа

worldometers.info сайтынан скриншот

Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бүгін таңертең бұл ақпараттарды жоққа шығарып, елімізде инфекциядан қайтыс болған адамның тіркелмегенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, елімізде 49 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

20 наурыздағы соңғы деректерге сәйкес, елімізде тағы 5 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Оның үшеуі Алматыда, екеуі Қарағанды қаласында.

Осылайша, қазіргі таңда елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың 22-і Алматы қаласында, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екеуі Қарағанды қаласында тіркелген.

Айта кетсек, кеше, 19 наурызда елімізде коронавирус жұқтырғандар саны - 44 болған. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда тіркелген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ДСМ Қазақстанда коронавирустан болған адам өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды
Mailfire view pixel