RU

Қарағандыға коронавирус жұқтырған екі адамның қайдан ұшып келгені белгілі болды

Бүгін, 20 наурыз күні таңертең Қарағандыда коронавирус жұқтырған екі адамға қатысты жаңа дерек шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирустық инфекция анықталған екі адам да Қарағандыға Минскіден келген. Олар 0324 рейсінің жолаушылары.

"Біріншісі-1971 жылы туған, екіншісі-1972 жылы туған", - деп хабардар етті министрліктен.

Минскіден келген борт Нұр-Сұлтанның орнына Қарағанды қаласына тоқтағаны белгілі болды. Оның ішінде 67 жолаушы отырған. Қазір барлығы карантинде.

Еске сала кетсек, қазіргі таңда елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Оның 22-і Алматы қаласында, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екеуі Қарағанды қаласында тіркелген.

19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимі жұмыс істей бастады. 22 наурыздан бастап аталмыш қалалар толықтай жабылады.

Оған дейін Алматы тұрғындарына қалаға келуге, ал басқа қала тұрғындары мен шетелдіктерге қайтып кету үшін 72 сағат уақыт берілді.

Ал одан кейін көпшілікке қалаға кіруге тыйым салынады, оның ішінде Алматы маңынан қатынап жұмыс істейтін тұрғындар да бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846453-karagandyga-koronavirus-zktyrgan-eki-admany-kajdan-syp-kelgeni-belgili-boldy.html