RU

Нұржан Керменбаев үшінші мәрте әке атанды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Нұржан Керменбаев екі ұлдан кейін қызды болды. Өнер иесі үшінші мәрте әке атанғаны туралы Instagram желісінде хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұраған. Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке енді перзентіне қандай есім қоярын білмей жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/nurzhan_kermenbayev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/nurzhan_kermenbayev. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Нұржан Керменбаев отбасындағы қуанышты жаңалықты өз жанкүйерлерімен бөлісіп, олардан сәбиге ат қою бойынша көмек сұрады.

"Аллаға шүкір қызды болдық. Елдегі соңғы қайғылы жаңалықтардан шаршаған шығарсыздар. Ленталарыңызға қуанышты хабарыммен бөліскенді жөн көрдім. Жақсылыққа толы жаңалықтарымыз көп болғай. Не жыларымды,не күлерімді білмей отырмын. Есімін кім деп қояйық? Медина? Тасним?" , - деп жазды эстрада жұлдызы.

Желі қолданушылары мен қатар қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары қызды болған өнер иесін жарыса құттықтауда. Олар Керменбаев жазбасының астына өзінің ақ тілегін білдіріп жатыр.

"Бауы берік болсын. Еліне сыйлы қыз болсын" , "Бақытты әрі едені сау болсын. Тәтті балапанның қызығын көре беріңіздер" , "Мынадай қиын жағдайда дүниеге келген сәби бақыт әкелері сөзсіз. Осымен елдегі дүрбелең тоқтаса екен" , "Екі ұлдан кейін қызды болуыңызбен. Медина есімі жақсы келісетін сияқты" , -деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Дильназ Ахмадиева босанған болатын. Өнер иесі 39 жасында алғаш рет ана атанды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұржан Керменбаев үшінші мәрте әке атанды
Mailfire view pixel