RU

Қырғызстанда коронавирус жұқтырған тағы үш адам анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус инфециясы Қырғызстанның тағы үш тұрғынынан анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Sputnik/Табылды Қадырбеков

Фото: Sputnik/Табылды Қадырбеков

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев баспасөз мәслихатында мәлімдеген.

Ведомсто басшысының айтуынша, инфекция жұқтырғандар қазіргі уақытта ауруханада жатыр және барлық қажетті ем алуда. Жергілікті билік науқастармен байланысқа түскен адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Бұған дейін Қырғызстанда алғаш рет коронавирус жұқтырған адамдар тіркелгені хабарланған. Инфекция үш ел азаматынан анықталған.

Олардың барлығы Сауд Арабиясынан кіші қажылықтарын (ұмра) орындап, 12 наурызда ел келген Қырғызстан азаматтары.

20 наурыздағы соңғы деректерге сәйкес, елімізде тағы 5 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Оның үшеуі Алматыда, екеуі Қарағанды қаласында.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Оның 22-і Алматы қаласында, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екеуі Қарағанды қаласында тіркелген.

Сондай-ақ Италияда бәр тәулікте инфекциядан 420 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Ал қайтыс болғандардың жалпы саны - 3,4 мың адамды құрап отыр.

Айта кетсек, бұл елде Қытайға қарағанда өлім-жітім саны 200 адамға көп.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғызстанда коронавирус жұқтырған тағы үш адам анықталды
Mailfire view pixel