RU

Жыл соңына дейін кімдердің салықтан босатылатыны белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қаржы жағдайы нашарлаған кәсіпкерлер кейбір салық түрлерінен уақытша босатылатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Үкімет басшысының орынбасары кәсіпкерлерді қолдау мақсатында салықтың бірқатар түріне жеңілдік қарастырылғанын жеткізді.

"Шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, көрмелер жеке мүлік салығын және салықтар бойынша қарызын төлеуден уақытша босатылады", – деді Тоғжанов.

Оның айтуынша, жалпы тәртіпте жұмыс істейтін 72 мың кәсіпкер жыл соңына дейін он пайыздық жеке табыс салығын төлемейді.

Премьер-министрдің орынбасары бұл шаралар қаржы жағдайы нашарлаған бизнес өкілдерін қолдау үшін жасалып отырғанын айтты.

Сондай-ақ, Тоғжанов қозғалыс аз болған сайын вирустың тарауы да азаятынын жеткізді.

Айта кетейік, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы коронавирусқа байланысты карантинге жабылған болатын.

Күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев елорданың кіреберісіне қойылған блок-бекеттердің жұмысымен танысып, карантин енгізудің себептерін түсіндірді.

"Қазіргі жағдайда карантин енгізбесе болмайды. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Мұндай кезде нақты әрекет жасап, ұйымшылдық таныту керек. Сондықтан карантин енгізу сияқты тәсілдерді қолдануға тура келеді. Азаматтарымыз қабылданған шараларға түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Мұның бәрі халқымыздың денсаулығын сақтау үшін істеліп отыр", – деді мемлекет басшысы.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жыл соңына дейін кімдердің салықтан босатылатыны белгілі болды
Mailfire view pixel