Выйти
RU

"Бірігу керек": Тұрсынбек Қабатов отбасымен маскалар тігіп, тегін таратуда (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов елімізде орын алған ауыр жағдайда отандастарына қол ұшын созбақ. Шоу-бизнес жұлдызы жанұясымен бірге бүгінгі күні көпшілікке қажет маскаларды өз қолымен тігіп, оларды мұқтаж жандарға тегін таратуға ниетті екенін хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/moldir.mt/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/moldir.mt/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тұрсынбек Қабатовтың игі бастамасы жөнінде оның жарының Instagram парақшасынан белгілі болды. Мөлдір Мұқанова отбасымен маскаларды дайындап жатқан сәтінен видео жариялаған.

Онда әзілкеш Нұр-Сұлтанда тұратын мұқтаж жандарға берілген нөмір бойынша хабарласып, тегін маскаларды алып кетуге болатынын жеткізді. Ал өзі келе алмайтын тұрғындарға үйіне апарып табыстайтынын айтты.

"Құрметті достар, құрметті бауырлар. Мына вирус қазақ елін айналып өтпеді. Бізге де келіп жетті. Жұқтырып алғандардың саны күн санап артуда. Соған көңіл күйіміз түсіп, жүрегіміз ауырып жатыр. "Тәртіп сақтаеан құр қалмайды" деп Бауыржан Момышұлы ағамыз айтқандай, тәртіпті сақтайық. Міне үйде отырмыз. Карантин. Бірақ, бос отыруға болмайды. Осындайда бірігуіміз керек. Біз үйде отырып маска дайындап жатырмыз.

Оларды жуып, үтіктеп қайта киюге болады. Түрлі түсті болуы креатив үшін емес. Гигиена үшін, отбасы мүшелері маскаларды шатастырып алмас үшін. Бұл маскаларды тегін таратпақпыз. Өазір дәріханаларда таусылып немесе бағасы шарықтап кеткен жағдайда халыққа қол ұшын созуды көздеп отырмыз. Әзірге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша, вирус басқа ауданға бармай-ақ та қойсын.

Осы маскаларға мұқтаж болып отырған жандар болса, Мөлдірге жазыңыздар. Хабарласып, маскаларды алып кетсеңіздер болады. Ал келіп алуға мүмкіндігі болмай тұрғандарға өзіміз жеткізіп береміз. Осындайда бірігейік, ағайын. Ән мен сөзбен емес, іспен дәлелдейік. Үйде отырып, үш-төрт маска тігіп, жақындарыңызға да таратсаңыз қандай жақсы болар еді. Нағыз челлендж деп осыны айтар едім Жақсы іс істеп жарысайық. Нағыз жанашырлығымызды осындайда көрсетейік" , - деді Тұрсынбек.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық "жасотандықтар" мұқтаж жандарға арнап 100 масканы қолдан тіккенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Бірігу керек": Тұрсынбек Қабатов отбасымен маскалар тігіп, тегін таратуда (видео)