RU

Коронавирусқа байланысты Қарағандыда карантин жариялана ма

20 наурызда Қарағандыда COVID-19 инфекциясын жұқтырған екі адамның тіркелгені белгілі болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев екі науқастың жағдайы қалыпты екенін, қалада әзірге карантин жариялауға негіз жоқ екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев инфекция жұқтырған екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық екенін мәлім етті.

"20 наурыздағы жағдай бойынша, Қарағанды әуежайына 18 наурызда Минск-Нұр-Сұлтан рейсінен келген жолаушылардан коронавирус инфекциясының екі дерегін тіркедік.
Барлық оқшаулау шаралары қабылданды. Оларды дәл ұшақтан арнайы автобус күтіп алып, тексерістен өткізіп, карантиндік ауруханаға орналастырды.
A1 санатына жататын елдерден келген жолаушылар жеке бөлімдерге орналастырылды. Бүгінгі күні коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жағдайы қанағаттанарлық. Әзірге карантин жариялауға негіз жоқ. Себебі екі жағдай да сырттан келген. Барлық қауіпсіздік шаралары сақталды", - деді ол.

20 наурыздағы соңғы деректерге сәйкес, елімізде тағы 5 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Оның үшеуі Алматыда, екеуі Қарағанды қаласында.

Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Оның 22-і Алматы қаласында, 25-і Нұр-Сұлтанда, екеуі Қарағанды қаласында тіркелген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846501-koronaviruska-bajlanysty-karagandyda-karantin-zarialana-ma.html