Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасы эксперсс-сынамаларды алдағы екі аптада "іске қосатынын" хабарлады. Қазір тек белгілері бар адамдар мен коронавирус жұқтырған науқастармен байланыста болған азаматтар ғана сынамадан өтеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басқарма басшысы Сәуле Қисықованың мәлімдеуінше, экспресс-тестілеу келесі екі апта ішінде іске қосылады деп күтілуде.
Қазір ПЦР арқылы вирус сыналады. Сынамалар Ұлттық сараптама орталығында тексеріледі.
Вирус белгілері бар, дене қызуы жоғары азаматтар, сондай-ақ бұрын науқастармен байланыста болған адамдар ғана тексерістен өтеді. Адамнан коронавирус анықтағаннан кейін оның барлық жақындары ауруханаға жатқызады .
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда жаңа вирусты тексеру орталығын бір апта бұрын ашуға уәде берген болатын.
Ол кезде азаматтар тестті өздері тапсыра алады деп хабарланған болатын. Тест-орталықты жеке кіреберісі мен барлық санитарлық шаралары бар үй- жайда ұйымдастыра алады.
Естеріңізге сала кетейік, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ұлттық телеарнаның тікелей эфирінде елімізде коронавирустан қайтыс болған адамдар бар деген ақпаратты жоққа шығарды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846515-nr-sltanda-ekspress-synamalar-kasan-pajda-bolady.html