RU

Алматыда коронавирусқа байланысты сегізінші үй оқшауланды (фото)

Бүгін оңтүстік астана аумағында коронавирусқа байланысты тағы бір тұрғын үйдің оқшауланғаны белгілі болды. Ол Алматы халықаралық әуежайына жақын орналасқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Үй периметрі бойынша бекетшілер кезекшілік етіп тұр. Тұрғын үй Түркісіб ауданы, Алтай ықшамауданында орналасқан.

Алматыда коронавирусқа байланысты сегізінші үй оқшауланды (фото)
Фото: NUR.KZ: Original

Оқиға орнында Түркісіб ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық станциясының басшысы Мәулен Ұнаспеков пен 32- аурухана басшысы Артур Қажыбаев жүр.

Алматыда коронавирусқа байланысты сегізінші үй оқшауланды (фото)
Фото: NUR.KZ: Original

Айта кетейік, бұл тұрғындары коронавирус шараларына байланысты қолайсыздық сезініп жатқан сегізінші үй болып отыр.

Алматыда коронавирусқа байланысты сегізінші үй оқшауланды (фото)
Фото: NUR.KZ: Original

Алматыда коронавирусқа байланысты сегізінші үй оқшауланды (фото)
Фото: NUR.KZ: Original

Еске сала кетсек, кеше елімізде коронавирус жұқтырғандар саны - 44 болған. Оның 19-ы Алматыда, 25 -і Нұр-Сұлтанда тіркелген еді. Ал бүгін Қарағандыда екі, Алматыда үш науқас тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 49-ға жетті.

Сонымен қатар, Алматы қаласында инфекцияның ошағына айналған 11 орын анықталды. Олардың әрқайсысы әртүрлі аудандарда орналасқан. Қазіргі уақытта шаһар басшылығы аталмыш орындарды бақылауға алған.

Ал Италияда бәр тәулікте инфекциядан 420 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Ал қайтыс болғандардың жалпы саны - 3,4 мың адамды құрап отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1846518-almatyda-koronaviruska-bajlanysty-segizinsi-j-oksaulandy-foto.html