Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған екі жасар қыздан пневмония анықталды

Опубликовано:

Алматыда коронавирус жұқтырған екі жасар баладан пневмония анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған екі жасар қыздан пневмония анықталды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Департаменттің мәліметінше, рентгенограмма арқылы 2018 жылы туған баладан өкіпенің оң жақ пневмониясы анықталған.

"Жөтелге шағымданды, денсаулық жағдайы орташа ауыр", - деп хабарланды департаментте.

Еске сала кетейік, бұған дейін қыздың жағдайы қанағаттанарлық деп танылып, оның Курчевельден Берлин арқылы ұшып кеткендігі хабарланған болатын.

Одан қауіпті инфекция карантин кезінде анықталды.

Еске сала кетсек, Италияда бәр тәулікте инфекциядан 420 адамның көз жұмғаны белгілі болды. Ал қайтыс болғандардың жалпы саны - 3,4 мың адамды құрап отыр.

Айта кетсек, бұл елде Қытайға қарағанда өлім-жітім саны 200 адамға көп.

Италияда COVID-19 инфекциясынан 4,4 мың науқас айыққан.

Сондай-ақ, ресейлік дәрігер Александр Мясников "Соловьев. Live" бағдарламасында коронавирустың шамамен қашан беті қайтатынын айтты.

Оның айтуынша, коронавирус маусымдық құбылыс болып табылатын жіті респираторлық ауруды тудырады. Сондай-ақ, Мясников коронавирустың күзде қайталануы әбден мүмкін екенін атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846522-koronavirus-zktyrgan-eki-zasar-kyzdan-pnevmonia-anyktaldy/

pixel