RU

Алматының кіреберісіндегі өткізу бекеттерінен зат беріп жіберуге бола ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев блок бекеттердің жұмысы жайлы айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Оның айтуынша, әзірге өткізу бекеттері арқылы зат алысуға болады.

"Мен осы жерде тұрғанда 60 жастағы адам келіп 80 жастағы анасына Талғар қаласына дәрі беруі керектігін айтып өтініш жасады. Бұл дәрілер сол жақтағы дәріханаларда жоқ екен. Мұндай жағдайда әрине, біз түсіністікпен қарап, тауарды беріп жібереміз", - деді Мұраталиев.

Әкімшілік полиция басқармасының басшысы блок бекеттері арқылы белгілі бір себептермен қаладан тыс қалған балаларды да өткізуге болатынын жеткізді.

"Тек қана балалар емес. Ересектер де бар. Мысалы, ауруханадан шыққан Алматы облысының тұрғындары өтіп жатыр. Яғни, 100 пайыз өткізбейді деген түсінік жоқ. Бекет арқылы өтпек болған әр адамның мәселесін жеке қарауға тырысып жатырмыз", - деді ол.

Ал 22 наурыздан бастап қалаға кіріп-шығуға мүлде тыйым салынады. Сол уақыттан бастап шаралар күшейтіледі.

Еске сала кетсек, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі енгізілетіні туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматының кіреберісіндегі өткізу бекеттерінен зат беріп жіберуге бола ма
Mailfire view pixel