Выйти
RU

"Карантин жақындатады": Айқын Алматыдағы ТЖ режиміне қатысты ойын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген еліміздің екі қаласында жарияланған карантин режиміне қатысты пікір білдірді. Эстрада жұлдызы шектеулер мен тыйымдары көп ауыр кезеңде отандастарын сабырлыққа шақырып, барынша төзімділік танытуын сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aikyn

Фото: Instagram/aikyn

Айқын Төлепберген Instagram желісінде карантин мәселесін көтеріп, оның жақсы жақтары да бар екенін айтты. Өз жазбасында әнші аталмыш режим шын мәнінде отбасыны жақындата түсетінін жеткізді.

"Карантин жақындатады. Жақындарыңызбен енді көп уақытты бірге өткізесіздер. Ең бастысы сабырлық. Жүйкелеріңізді жұқартпай, төзімді болыңыздар. Карантинде халық үшін қызмет жасап жатқан барша қызметкерлерге (медицина, полиция, әскер, әкімдік) үлкен рахмет! Аман болайық! Карантин басталғанына бар-жоғы бір күн ғана өтті. Шыдамды болу керек. Себебі, үй қамағында отыру оңай емес" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі журналист Асхат Садырбайдың коронавируске қатысты ауқымды жазба жариялағанын жазған болатынбыз. Ол әлемді жаулаған кесел жойылып, алда жақсы күндер күтіп тұрғанын жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Карантин жақындатады": Айқын Алматыдағы ТЖ режиміне қатысты ойын айтты