RU

Қарағандыда коронавирус жұқтырғандар мінген рейстің кей жолаушылары оқшауланбаған

Қарағандыға коронавирус жұқтырғандармен бірге келген жолаушылардың бір бөлігі ауруханадан шығарылды. Олардың коронавирусқа тесті теріс жауап көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Минскі-Нұр-Сұлтан рейсінде ұшып, Қарағандыда т оқтаған жолаушылардың барлығы госпитальде емес. Бір бөлігі үйіне қайтарылған.

Бұл жайында Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде мәлімдеді. Ауруханадан шыққандарда вирусологиялық зерттеудің қорытындысы жақсы..

"Коронавирус жұқтырған науқастармен бірге отырып, ұшқан адамдар жақын байланысқан тұлғалар болып есептеледі. Олар барлық кезеңге карантинге жатқызылды.
Ал қалғандары әлеуеттік байланыс тұлғалары. Ұшақтағы желдету жүйесі инфекцияның салон ішіне тарауына жол бермейді. Сондықтан, ақ халаттылардың тәулік бойы бақылауына науқастың қасында отырған адамдар ғана алынды.
Әлеуеттік жолаушылардың сараптама нәтижесі мен ортақ денсаулық бағасын алынған соң олар шығарылды",- деді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, ведомство ақ халаттылардың қатаң түрде медициналық қызмет стандартына сай жұмыс істегенін мәлімдеді. Ауруханадан шыққан жолаушылар Минскіден (Еуропадан емес) келген, сондықтан олар қашықтықтан бақылауға алынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846532-karagandyda-koronavirus-zktyrgandar-mingen-rejsti-kej-zolausylary-oksaulanbagan.html