RU

Танымал ақын пәтер иелерінен жалға беру ақысын кешіруді сұрады

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, ақын Ауыт Мұқибек өзінің Facebook парақшасында үндеу жариялады. Жазбаға сәйкес, ол еліміздегі барлық пәтер иелерін жалға беру ақысын кешіруге шақырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал ақын пәтер иелерінен жалға беру ақысын кешіруді сұрады
Фото: facebook.com/oimanbulak: UGC

Кеңес мүшесі өз жазбасында Елбасының үндеуін оқып шыққанын және қазіргі қиын шақта жұртты береке-бірлікке, сабырға шақырғанын қоштайтынын жеткізген.

Айтуынша, үкімет төтенше жағдай салдарымен күресіп, банктер несиені өтеу мерзімін шегеруді қолға алды. Алайда, Ауыт Мұқибек жұртты алаңдатқан мәселе барын айтып, үндеуге үн қосқанды жөн көрген.

"...Жұртты тағы қинап отырған бір мәселе бар.

Ол – қалаларда пәтер жалдап тұратын баспанасыз жандардың пәтер ақысы.

Пәтер жалдаушылардың көбі – өзін-өзі жұмыспен қамдаушылар, табысы төмен азаматтар...

Логикаға сүйенсек, пәтерлерін жалға беретіндердің жағдайы жаман болмаса керек!

Осыған байланысты, мен Елбасының Үндеуіне үн қоса отырып, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларының және облыс, аудан орталықтарындағы пәтерін жалға беретін отандастарымды жұқпалы індет аяқталғанша пәтер ақысының 70 пайызын, тіпті толық кешіруге шақырамын!", – деді Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек.

Айта кетейік, танымал журналист Асхат Садырбай елде орын алған жағдай жайлы өз ойын айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1846536-tanymal-akyn-pter-ielerinen-zalga-beru-akysyn-kesirudi-srady.html