Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлі ештеңе хабарламады": Қоршаудағы үйдің тұрғыны карантин жайлы айтты

Опубликовано:

Кеше, 19 наурыз Алматы қаласында Almaty Towers тұрғын үй кешені карантинге жабылды. Тұрғындардың бірінің айтуынша, оларға бұл жағдай туралы ешқандай ресми ақпарат хабарланбаған көрінеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әлі ештеңе айтпады": Қоршаудағы үйдің тұрғыны карантин жайлы айтты
Фото: NUR.KZ: Original

Maxim атымен тіркелген Twitter қолданушысы әлеуметтік желіде хабарлама жариялаған. Алматылық азамат құрамында 6 көпқабатты үй бар Almaty Towers тұрғын үй кешенінде тұратыны жайлы жазыпты.

Оның айтуынша, кеше 19 наурыз күні кешен карантинге жабылған. Полиция ғимаратты толығымен қоршауға алған.

Карантинге жабылғанына 12 сағаттан асқан үй тұрғыны оларға әлі ешкім ресми хабарлама жеткізбеген айтты.

Жазба авторы бұл кешен кем дегенде 14 күнге дейін қоршауда болуы мүмкін деп болжап отыр.

"Кеше, 19 наурыз сағат 23.00-де 6 биік үйлерден құралған тұрғын үй кешенін формадағы адамдар қоршап алды. 12 сағаттан артық уақыт өтті, ешқандай ресми мәлімдеме жасалмады, бізге ештеңе де айтпады. Соған қарағанда, мұның барлығы кем дегенде 14 күнге дейін созылатын сияқты, сондықтан бақылап отырамыз", – деп жазды алматылық тұрғын.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирус салдарынан Алматыда қоршауға алынған тұрғын үй ауласында не болып жатқанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846541-li-estee-habarlamady-korsaudagy-jdi-trgyny-karantin-zajly-ajtty/

pixel